- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
- Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Қазақстан Республикасының "e-gov" электрондық үкімет порталы арқылы азаматтар ХҚКО-на бармай-ақ электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.
Құжаттар апта ішінде 5-күн бойы қабылданады, сағат: 9-00 бастап, 18-30-ге дейін қабылдайды.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Қосымша ақпарат алу үшін: Текелі қ., Абылайхан көшесі, 34. 2 –ші қабат, №27 кабинет немесе https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021366 сілтемесі арқылы
ТЕЛЕФОН; 8 (72835) 4-46-73
Қабылдау кезекте тұру тәртібі бойынша жүргізіледі және алдын ала тіркеусіз.