«Текелі қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат.

«Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, сондай ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру;
  3. Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
  4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру;
  5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;  
  6. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша, ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
  7. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама.

Бөлімнің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша сұрақтар болған жағдайда Абылай Хан көшесі, 34 үй, 6 және 4 кабинетке жүгінуіңізге болады. Тел.: 4-46-20, 4-91-15.

«Текелі қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат.
Дата публикации
17 июня 2024