Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы

Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы

Жақында қазақстандықтар қызметі бір мемлекеттің шеңберінен шығатын көпұлтты компаниялардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмысты Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) реттейді.

Осылайша, елдің әрбір тұрғыны кәсіпорын тарапынан келесі салаларда құқық бұзушылық туралы хабарлай алады: ақпаратты ашу, адам құқығы, еңбек және өндірістік қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым және технологиялар, бәсекелестік және салық салу, парақорлық, параға жығу және бопсалау.

Өтініштер келесі ақпараттық арналар арқылы қабылданады:

- ҰБО Хатшылығының кеңсесі

- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің веб-сайты

- ҰБО веб-сайты.

Қорытындылар, сондай-ақ өтінішті қарау барысы туралы ақпарат economy.kz порталында ЭЫДҰ бөлімінде орналасқан ҰБО веб-сайтында орналастырылады   –  Бұл ретте ҰБО коммерциялық ақпаратты және тараптар үшін маңызды басқа да аспектілерді сақтауға кепілдік береді.

Национальный контактный центр Казахстана
Дата публикации
10 сентября 2020