Сауда объектілері өрт қауіпсіздігінің объектілік критерийі бойынша екі тәуекел дәрежеге бөлінеді: жоғары және болмашы. Жоғары дәрежедегі объектілер тізіміне жалпы құрылыс ауданы 1500 м2асатын объектілер, болмашы тәуекел дәрежедегі объектілер тізіміне жалпы құрылыс ауданы 1500 м2 аз объектілер жатады.
Текелі қаласы ТЖБ-ң инженерлік-инспекторлық құрамы жоғарыда аталған объектілерде өрт фактілерінің алдын алу мақсатында сауда дүкендерінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сауда объектілерінің басшыларынан объектілерде төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына мән берулеріңізді сұраймыз:
Сауда кәсiпорындарында тыйым салынады:
1)Сатып алушылар жүрген сауда залдарында отты пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;
2)Сауда залдарында ауа шарларын толтыратын немесе басқа да мақсатта жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;
3)Баспалдақ торлары алаңдарында, тамбурлерде және басқа көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын орналастыруға және тауарлар сатуға; көшіру жолдарында сауда, ойын аппараттарын және құрал-жабдықтарды орналастыруға және тауарлар сатуға;
4)Сауда ғимараттарына жатпайтын басқа мақсаттағы ғимараттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды, косметикалық және алкогольдік өнімдерді есепке алмағанда), жанғыш газдарды, оқ-дәрілерді, капсюлдерді, пиротехникалық және жарылыс қауіпті бұйымдарды орналастырғанда оларды сатуға;
Текелі қаласы ТЖБ.