«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Миссиясы: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты жүргізу, азаматтық патриотизмді тәрбиелеу мен ұлттың жан-жақты дамуына жағдай тудыру.
Міндеттері:
1) қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу, Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жана саяси бағыты» Жолдауының негізгі басымдықтарын, түсіндіру және насихаттау;
2) мемлекеттік ішкі саясатты, ішкі саясат, қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
3) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;
4) қаладағы қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін, азаматтардың электоралдық көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмыс барысын жан-жақты және нақты зерделеу, зерттеу және талдау;
5) аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау қызметін үйлестіру;
6) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті қалыптастыру;
7) этникалық қарым-қатынасты орнықтыру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен қалыптастыру;
8) үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту;
9) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
10) саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізу;
11) ішкі саясат аясындағы тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары жөнінде ұсыныстар жасау;
12) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдермен өзара әрекеттестік байланысты орнықтыру;
13) этно-мәдени орталықтармен байланысты орнықтыру;
14) қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру;
Функциялары:
1) саяси және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын, іс-әрекетін үйлестіруде бірыңғай жоспар әзірлеу;
2) діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметі мен қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізе отырып, қала тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу;
3) саяси партиялар, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктер қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
4) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуі мен дінаралық тұтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
5) мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарларын үйлестіру және ұйымдастыру;
6) бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты шараларды дайындап өткізу, өзара әрекеттестікті үйлестіру және ұйымдастыру;
7) Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жана саяси бағыты» түсіндіру-насихаттау жұмыстары бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін үйлестіру;
8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асыру;
9) жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, кеңестік, ұйымдастыру, іс-тәжірбиелік қолдау көрсету;
10) ішкі саяси ахуалға, партиялық құрылымға, мәдениет саласындағы әлеуметтік процестерге болжам жасау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін сараптау;
11) саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара әрекеттестік проблемалары жөнінде «дөңгелек үстел», семинар-тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
12) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шараларды жүргізу;
13) Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығымен ақпараттық-ұйымдастырушылық өзара әрекеттестікті үйлестіру;
15) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихтталуына, тұрғындардың бойында мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтуды қалыптастыруға қатысу;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауға әдістемелік көмек көрсету;
18) мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы ақпараттар жиынтығын сараптауды жүзеге асыру, жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
19) мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихаттаулы бойынша қала аумағында жалпыхалықтық акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
20) бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру.