Әкімінің есебі

 

Ардақтыағайын!

Құрметті жерлестер!

 

Өткен жылғы істерді саралап, болашақта атқарылатын жұмыстарды бағамдап алу үшін өздеріңізбен жыл сайын дәстүрлі кездесу өткізіледі.

2019 жыл елеулі қоғамдық-саяси оқиғаларға толы жыл болғаны баршаға мәлім. Елбасы Президенттік  өкілеттігін тоқтатып, кезектен тыс сайлау өткізілді. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жарияланды. Жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарларды іске асыруды басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатын, экономикалық әлеуетті арттыруға күш салды.

 

2019 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады.

Қалада 53 шаруа қожалығы тіркелген.

2019 жылдың өткізілген жәрменкенің қорытындысы бойынша 38,0 млн. теңгеге 78,9 тонна өнім сатылды:

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша 2019 жылда:

«Алма-Дария» шаруа қожалығы тамшылатып суару және жаңа технологияларды қолдана отырып, бір ауыспалы егіске қуаты 12 тоннаны құрайтын 0,7 га жылыжай құрылысы аяқталды, жобаның құны 2,0 млн. теңге. Қызметкерлердің жоспарлы жалпы саны 8-10 адам. Бірінші айналымдағы егісті отырғызу 2020 жылдың                   І тоқсанында жоспарланып отыр.

«Green House-Зеленый дом» ЖШС 5,65 га алаңда 88,7 тонна қияр жинады. 2019 жылдың               23 қазанынан бастап жылыжайда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Текелі қаласында мемлекеттікмекемелер мен кәсіпорындар арасындаҚұқықбұзушылықтыңалдыналубойыншанақтыжұмыстаржүргізуде. Балалар мен жасөспірімдердің жасалған құқық бұзушылықтар, суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жүргізілуде және «Құқықтық тәртіп», «Құқық бұзушылық», «Қадағалау», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші» және тағыда басқа жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіледі.

Үйлердің аулалары мен кіреберістерін жарықтандыру жүйелерімен жабдықтау, кезең-кезеңмен бейнекамераларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.

Білім беру ұйымдарында жергілікті полиция қызметімен бірге сабақтар өткізіледі.

Қала бойынша құқық бұзушылықтың көрсеткіштеріне келетін болсақ:

  • Көшелерде жасалған қылмыстар – 38 қылмыс(2018 жылы 48 қылмыс, 20,8 % азайды);
  • Бөтен адамның мүлкін ұрлау – 178 қылмыс(2018 жылы 183 қылмыс, 2,7 % азайды);
  • Мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтар – 57 қылмыс(2018 жылы 56 қылмыс, 1,8 % көбейді);
  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар - 2 қылмыс(2018 жылы 3 қылмыс, 33,3 % азайды);
  • Кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтар - 6 қылмыс(2018 жылы 19 қылмыс, 68,4 % азайды);
  • Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар - 5 қылмыс(2018 жылы 1 қылмыс, 80,0 % көбейді);
  • Бұрын сотталғандармен жасалған құқық бұзушылықтар - 50 қылмыс(2018 жылы 81 қылмыс, 38,3 % азайды);
  • Жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар – 3 адам(2018 жылы 1 адам, 66,6 % көбейді).

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында 6 жоба және 106 шара жүзеге асырылып, 12026 адамды қамтылды.

Оның ішінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында:

Қала дүкендерінде «Текелі Асар» қайырымдылық сөрелері арқылы азқамтылған көпбалалы отбасыларға 3,0 млн. теңге көлемінде азық-түлік таратылды;

Жеке кәсіпкер М.Чорманов (14,1 млн. теңгеге) жеке меншік ғимаратын қалаға сыйға тартты;

«Қайырымдылық – жанға дауа» шарасы барысында аз қамтылған көп балалы отбасыларға демеушілер тарапынан 5 тұрғын үйдің(14,0 млн. теңге) кілті табысталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған жобаларға жергілікті бюджеттен 5,0 млн. теңге қарастырылды. Меценаттар мен демеушілер тарапынан – 31,1 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қалада мемлекеттік тіркеуден өткен 7 діни бірлестік бар. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында  қалада 75 шара ұйымдастырылып, 5350 адам қамтылды.

Қаламызда 22 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Азаматтық қоғам институттары қоғамдық-саяси шараларға белсенді атсалысады.  Үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 2019 жылға бюджеттен 3,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2,8 млн. теңге игерілді.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар қаламыздың дамуына белсенді атсалысатындығын ескерген жөн.

ІІ республикалық «Алтын шаһар» шығармашылық фестивалі, «Ашық жүрек» инклюзив балалардың қалалық фестивалі өтті.  Мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлы тұлға ұлағаты» - Абайдың қара сөздерінен челлендж ұйымдастырылды. Жергілікті газетте «Ұлы Даланың ұлағаты» мақаласы жарық көрді.

Жастар саясаты

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес Текелі қаласы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 7005. Оның ішінде ауыл жастарының саны – 121, мектеп оқушылары – 985, студент жастар – 370, жұмысшы жастар – 2640, пробация қызметінде есепте тұрған жас-тар – 19.

Жастар жылында барлығы 110 шара ұйымдастырылып, 10000 адамқамтылды. «Табыс пен жетістік қажырлы еңбек нәтижесі» атты жас жұмысшылар форумы өтті. Облыстық «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойындарында қаламыздағы «Айбын» әскери жасағы жүлделі           ІІІ орын алды.

Қаламызда 40 белсенді жастан құралған еріктілер тобы бар. Олар өткен жылы облыстық еріктілер слетінде шағын футболдан жүлделі 2 орынды иеленді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 55жас қаламызды көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың санын азайту мақсатында полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік (кәсіптік колледж) жасағы құрылған.

 

Құрметті қала тұрғындары!

Атқарылған істен алдағы жоспар ауқымдырақ. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке ел игілігін еселеуді міндеттеді. Мемлекетіміздегі тұрақтылық пен экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халық алдындағы жауапкершілікті толық сезіне отырып, жүйелі іс-қимыл жасау керектігін қадап тапсырды. Сондықтан біздің бар ерік, күш-жігеріміз Қазақ Елінің өркендеуіне жұмсалуы қажет.

Президент Жолдауындағы басым бағыттарды басшылыққа алып, «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам», мемлекеттік стратегиялық және ұзақмерзімді бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Қазақстан Конституциясының қабылданғанына және Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл, Ұлы Отан

 

соғысындағы жеңіске 75 жыл толуы сынды атаулы даталар тойланады. Ізімізді басқан буынға айырықша жігер сыйлаған Жастар жылы  Еріктілер (Волонтер) жылымен жалғасатын болады. Елдігіміз бен өрлігімізді, рухымызды асқақтататын шараларға белсенді атсалысу – барша азаматтың абыройлы борышы. Ел мерейін тасытып халық игілігіне жұмсалған қажыр-қайраттарыңыз талмасын. Бірлесе қызмет етіп, ел табысын еселей берейік.

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
29 июля 2020