Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Текелі қаласы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыссыз азаматтарды, нәтежиесіз жұмыссыз азаматтарды қамту жоспарланған. Ағымдағы жыл басынан 742 адам қамтылып, оның ішінде: Жастар саны 160, мүгедектер саны 21, табысы аз азаматтар саны 58 және пробация қызметі есебінде тұрғандар саны 10 адам.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 100 адамды жолдау жоспарланып, 58 адам 4 мамандық бойынша 2 оқу орнына жолданды.
Сонымен қатар, қыркүйек айынан техникалық және кәсіптік оқуға еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша ҰБТ тапсыра алмағандар, оқу орнына түспегендер, тұрмысы төмен отбасыларының мүшелері арасынан 30 адам жолданды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына 90 адам оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 50 адам Бастау Бизнес" жобасына жолдама алды. Сонымен қатар қазіргі таңда шағын несие алуға 1 адам жолдама алдып екінші деңгейдегі банк арқылы 1,5 млн. теңге қаржы алды.
Несиенің ең жоғарғы сомасы 19 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайды.
Кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін "Бастау Бизнес" жобасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылады. Шағын несие тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берілмейді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 27 адамға берілді. Бұл гранттар бағдарлама қатысушыларға өтеусіз және қайтарылымсыз негізде беріледі. Мөлшері 200 айлық есеп көрсеткішін құрайды.
Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.
Бағдарламаның үшінші бағытыхалықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға көзделген. Оның ішінде:
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 4 кәсіпорындармен келісім шарт жасалып, 17 адам жолданды.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 16 мекеме мен кәсіпорындармен келісім шарт жасалып, 26 түлек жолданды.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 30 ұйымдар мен кәсіпорындармен келісім шарт жасалып, 314 адам жолданды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жобасы аясында Текелі қаласы бойынша 214 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде:
- Білім беру объектілерін толық жөндеуден өткізуге – 56 адам;
- Көшелер тізіміне сәйкес автожолдарды толық жөндеуге - 81 адам;
- Елді-мекендерді көгалдандыру жұмыстарына - 58 адам;
- Қора өзенінің жағалауын жарықтандыру, көшелерді жарықтандырудың ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 19 адам.
Текелі қаласы бойынша жалпы 13 нысан бар. 12 конкурс бойынша қорытынды шықты. Оның ішінде 2020 жылдың 26 маусымына 12 нысанмен келісімшартқа қол қойылды. 11 кәсіпорын жұмысшыларға қажеттілік сұраныстарын ұсынды. 2020 жылдың 3 мамыр мен 26 маусымы аралығында жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жолданды:
«Монолит» ЖШС-не - 16, «Хан тенгри» ЖШС-не - 6, «Golden City» ЖШС-не - 11, «Нұр-Шапағат Құрылыс» ЖШС-не - 8, «Жетісу-Сервис» ЖШС-не - 12, «Элит Строй 2000» ЖШС-не – 5+5=10, «Нұрғазы Құрылыс» ЖШС-не – 3+3 = 6, «Девятка» ЖШС-не-5. «Талдықорған Архитектура» ЖШС-не – 6.
Жұмыспен қамтудың жол картасы нысандары бойынша 12 нысанның паспорты бар. Оның ішінде:
Қаладағы жұмыссыз азаматтарды толық жұмыспен қамту мақсатында «Текелі тынысы», Текелі қаласы әкімдігінің сайтында, Текелі қаласы әкімінің жеке акаунтында, жастар ресурстық орталығының әлеуметтікпарақшаларжелісінде, @ilovetekeli, @iliketekeliәлеуметтікжелілерде, «Текелітынысы» газетіндехабарламаларжарияланып, волонтерларарқылыхалықкөпшоғырланғанжерлердеүлестірмепарақтартаратылды.