2020 жылдың 2-тоқсанға өнеркәсіптік өндірістің,
инвестицияларды тарту және шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту
бойынша атқарылған жұмыстар туралы
МӘЛІМЕТ
2020 жылдың 2-тоқсан бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 13021,0 млн. теңгені құрады, физикалық индекс көлемі 119,2 % пайыз болды. Өндіріс көлемі өткен 2019 жылмен салыстырғанда 2855,4 млн. теңгеге өсті.
Облыстық өнеркәсіптік өндірісінде қаланың үлесі 2,5 % -ды құрады.
2020 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 19,1 млдр. теңге өңдеу өнеркәсіп өнімдеріне келеді, яғни, 77,7 %, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге өсті.
2020 жылдың 5 айында экспортқа шығарылған өнім:
«Коллонада» ЖШС 1,5 млн. теңгеге 19,9 мың тонна өнім экспортталды,
«Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ 53,6 млн. теңгеге 0,5 мың тонна өнім экспортталды,
«Текелі кенді қайта өндеу кешені» ЖШС 72,4 млн. теңгеге 0,3 мың тонна өнім экспортталды
«Көксу ТКК» ЖШС 188,3 млн. теңгеге 1,4 мың тонна өнім экспортталды.
«Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлі» жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Жобаны іске асырудан бастап 12,2 млрд. теңге игерілді. 2020 жылдың 1-2 тоқсанына 13,9 мың тонна қайта өнделген шойын және 16,1 мың тонна құйма шойын шығарылды, 989 адам жұмыс істейді.
Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, қаланың статистика басқармасымен бірлесе отырып, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының 2020 жылға күтілетін өндіріс көлеміне талдау жүргізілді.
«Профмебель» ЖК заманауи жиһаз өндіруші компаниясы сияқты жобаларды іске асыру жалғасуда, инвестициялардың көлемі 15 млн. теңге 3 жаңа жұмыс орын ашылуда. Қазіргі уақытта кәсіпорында дайын ғимаратты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
«Текелі әк зауыты» ЖШС-нің негізгі қорларға салынатын инвестиция көлемі 90 млн. теңге, 20 жаңа жұмыс орын ашылуда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының қорытынды кезеңдері жүргізілуде және іске қосуға дайындық жүргізілуде.
2020 жылдың 2-тоқсан бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1588,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 62,5%.
Жалпы инвестиция көлемінде 771,0 млн. теңге немесе 48,5 % пайызды бюджеттен тыс қаражаттар, барлық көрсетілген сома кәсіпорындардың меншікті қаражатына келеді.
Инвестиция көрсеткішінің орындалмауының негізгі себебі "Сovid 19" короновирустық инфекция салдарына тікелей байланысты: ҚХР – дан жабық шекара-"ТГПК" ЖШС базасында "Bapy Mining" ЖШС 2-ші домна пешін салу үшін қажетті жабдықтарды, басқа да бөлшектер мен материалдарды жеткізудің болмауы және Ресей мемлекетінде баға көтерілуіне байланысты.
Статистикалық деректерге сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеге қалада қызмет жасайтын ШОБ субъектісінің саны 1480 бірлік, оның ішінде орта бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) – 2, шағын бизнес кәсіпорындары – 152, жеке кәсіпкерлер – 1281, шаруа қожалықтары – 45. Жалпы шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны – 2754.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 772,6 млн. теңге салық түскен.
"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде "салалық шектеулерсіз Екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге де қаржы ұйымдарының несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" және " кепілдендіру" бөлігі бойынша мемлекеттік қолдаумен жүзеге асыру жұмыс жалғасуда.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың – 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша танысу және несиелерді алу бойынша жұмыстар жалғасуда, БАҚ-та ақпарат жарияланды, Текелі қаласы әкімінің ресми сайтында орналастырылған.
Субъектілердің заңды мүддесі мен құқұқтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облысынын Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасы филиалы жұмыс істейді. Ақпараттық-кеңестік көмек көрсету үшін палатада кәсіпкерлерді қолдау орталығы белсенді жұмыс жасайды. 2020 жылдың 2 тоқсанында Орталықпен 304 қызмет пен консультациялар көрсетілді
2020 жылдың басынан бері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1,5 млн. теңге мөлшеріндегі 1 несие берілді:
Текелі қаласының Жұмыспен қамту орталығы 2020 жылы екінші деңгейлі банктер мен қорларға жүгінуге 2 бағыт берді.
«Қарапайым заттарды үнемдеу» бағдарламасы бойынша «Андасбаев К.Ж.» ЖК жобасы. Жобалық құны 35,0 млн. теңге «Гофр картон өндірісі».
Текелі қаласы бойынша 2020 жылдың 2 тоқсаны бойынша бөлшекті тауар айналымы 2118,1 млн. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 9,6 млн. тенгеге жоғары (2108,5 млн. теңге). Нақты көлем индексі 101,1 % пайызды құрады.
2020 жылдың сәуіріне атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2-сауда (айлық) формасы бойынша 5 кәсіпорын есеп береді: «Контракт» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Жетісугаз» Корпорациясы» АҚ, «Еврофарма» ЖШС филиалы, «Централ хейдинг» » ЖШС.
Кәсіпорынның тіркелген орнына немесе өндірістің нақты орналасқан орнына қарамыстан тауарларды (қызметтерді) өткізу бойынша статистикалық есепті тапсыру бойынша жұмыстар жалғасуда, олар «Тавиди» ЖШС – сұйытылған газ бөлшек саудасы, «JLC Сүт» ЖШС - сүт өнімдерінің бөлшекті саудасы.
2020 жылдың аталған кезеңінде 1 сауда және қызмет көрсету объектілерін қосылуынан: 1 мейрамхана, 6 жұмыс орны ашылды.
Текелі қаласында тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша оперативтық штаб жұмыс істейді. 2020 жылы бойынша жедел штабтың 1 отырысы өткізілді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары бойынша мониторинг 19 азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай бағалары және қалада жанармай құю станцияларына деген қажеттілік бойынша жалғасуда.
Орталық базарда «Текелі ГМЗ» ЖШС маркалы сауда орыны бар, онда тікелей зауыт-өндірушінің бағалары.
Негізгі әлеуметтік-маңызды тауарларды нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен сататын 5 әлеуметтік тапшан жұмыс жасайды.
Жыл басынан қала әкімдігі мен сауда кәсіпорындары арасында ағымдағы жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 10% және 1-сұрыпты нан бағасына 5% үстеме бағаны асырмау жөнінде 9 меморандумға қол қойылды.
Текелі қаласы – бұл қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Белгілі бір өндірістік бағдарға қарамастан, туристік іс-әрекеттер айтарлықтай қарқынмен дамып келеді.
Қалада 13 туризм инфрақұрылым нысандары бар, соның ішінде: 7 қонақ үй, 2 қонақтарға арналған үй, санаторий-профилакторий "Текелі", , демалыс базасы "Бастау", балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығы.
Жедел деректер бойынша қаланың туристік ұйымдары ұсынған қызметтердің көлемі 2020 жылдың 2 тоқсаны бойынша 45,5 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 29,0 млн. теңгеге төмен.
2020 жылдың 6 айында Текелідегі туризм ұйымдарымен ішкі туризм қызмет корсеткен азаматтардың саны 1310 адамды құрайды, бұл 2019 жылға қарағанда 55,1 % төмен.
Бөлім басшысы Б. Итемирова