2020 жылдың 1-жарты жылдыққа атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2020 жылдың 1-жарты жылдыққа атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

2020 жылы 669 га егістік алаңы жоспарлануда, оның ішінде 236  га дәнді дақылдар, 236 га арпа, 31 га қытай бұршақ, 11 га қант қызылшасы, 271 га картоп, 115 га көкөністер, 5 га азықтық дақылдар. Тұқымдық жабдықтар «КазАгроэкс» зертханасында толығымен зерттелді.

         Ағымдағы жылдың 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 698,8 млн. теңгені құрайды және 2020 жылғы қаңтар-маусым айларының индекс көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 100,9% құрайды.         Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: Мал мен құстың тірі салмағы – 528 тонна, сиыр сүті – 1856 тонна, тауық жұмыртқасы – 1087 мың.дана құрайды.Құстар және мал басы саны:                                     

Ірі қара мал – 5732 бас

Ұсақ мүйізді мал - 5903 бас

Жылқы - 459 бас

Шошқа – 1058 бас

Барлық құстар - 59118 голов

         Текелі қаласы бойынша  669  га. егістік соның ішінде суармалы 433 га. тәлім 236 га. құрайды. Егістік жерлер өз мақсатымен пайдаланылады және табиғи жолдармен суарылады.

          48 шаруа қожалықтары тіркелген.

            «Алма-Дария» шаруа қожалығы 0,5 гектарға тамшылап суару және жаңа технологияларды қолдану арқылы, қуаттылығы бір айналымда 12 тонна өнім өндіретін, жылыжай құрылысы аяқталды. Жобаның құны 2 миллион теңге. Қазіргі таңда жылыжай гүл өсіруімен айналысады. Маусым айында 100 мың дана гүл жиналды және 1,9 млн.тенгеге сатылды.            "В. К. Ибраимова" шаруа қожалығы 50 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын аяқтады. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу актісі 2020 жылдың үшінші тоқсанында жоспарланып отыр.            Қой қырқу жұмыстары мамыр айында аяқталды. Қырқуға жататын қой саны 3785 бас. Барлығы 13 тонна жүн қырқылды, әр 1 бас қойдан орташа жүн қырқымы 3,4 кг.

 

 

 

Дата публикации
15 июля 2020