«Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың жартыжылдығына атқарылған жұмысы.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін қаланың Бас жоспары негіз болып табылады. Жаңа объектілерді салу үшін жер учаскелерін бөлу және қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту бекітілген Бас жоспар мен қала объектілерінің сәулеттік келбеті мен абаттандыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Бөлімқазіргі уақытта 5 мемлекеттік қызмет түрінкөрсетеді. Оның ішінде 1- мемлекеттік қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 4-мемлекеттік қызмет"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылады;
1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» бойынша 47анықтама берілді,
2)«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша 25рұқсат берілді ;
3)«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» бойынша 0 рұқсат берілді;
4)«Қазақстан Республикасының жер кодексінің 44-1 бабы елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» бойынша 0 актісі дайындалды
5)«Эскизді келісуден өткізу» бойынша 5жоба келісуден өткізілді
Әр апта сайын ІІБ қызметкерлерімен сәулеттену ережесіне сәйкес жылжымайтын мүлік иелеріне, дүкендерге және сауда нүктелеріне санитарлық тазарту және абаттандыру қағидалары бойынша56ескерту хат таратылады.Оның ішінде ІІБ қызметкерлері тиісті жаза қолдануға 2хаттама толтырылды.
Түскен азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бөлімнің журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына сәйкес қарастырылып, жауаптар мерзімі қадағаланады.
«Текелі қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бекітілген жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсыжөніндегі тақырыбы бойынша дөңгелек үстел бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ол жердеҚР заңының актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы келіссөздер жүргізіледі.
«Текелі қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» және Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызмет істеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігімемлекеттік мекемесімен бірігіп бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың қорытындысы бойынша бөлімде бірнеше тәуекел орын алды. Қазіргі таңға дейін осы орын алған тәуекел жәйттармен жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодекс стенді бөлімнің ішінде қолайлы және көрінетін жерде және сенім телефон нөмірімен (4-45-51) орналасқан.Қаланың тұрғындарына, бөлімнің атқарған жұмыстарын, оның міндеттері мен функцияларын, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттарды әрдайым ғаламтор ресурсы арқылы хабардар етеді.
«Текелі қаласының сәулет және
қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысы Р. Белдібеков