«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 15 бұйрығының негізінде жасалды.
Бюджет көлемі Текелі қалалық мәслихатаның 2019 жылғы26 желтоқсандағы № 43-262 шешімімен бекітілген.
Бөлімнің үш жылдық кезеңге жалпы шығыстарының көлемі 4 бюджеттік бағдарлама арқылы жалпы сомасы 87052,0 мың теңгеге іске асырылады, соның ішінде:
001 бағдарлама – Облыстық маңызы бар қалада экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 55708,0 мың теңге. Оның ішінде, жалақы қоры мен аударымдар 30806,0 мың теңгені құрады (2020ж. – 10261,0 мың теңге, 2021ж. – 10231,0 мың теңге, 2022ж. 10314,0 мың теңге). Қызметкерлердің штатық саны 6 адам, оның 4-і мемлекеттік қызметшілер.
- 2020 жылға – 16890,0 мың теңге
- 2021 жылға – 19189,0 мың теңге
- 2022 жылға – 19629,0 мың теңге
004 бағдарлама - Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 8188,0 мың теңге (Қызметтік автокөлік пен 1С бағдарламасын сатып алуға).
- 2019 жылға – 8188,0 мың теңге
- 2020 жылға – 0,0 мың теңге
- 2021 жылға – 0,0 мың теңге
099 бағдарлама - Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру 2342,0 мың теңге. Рудничный ауылының мамандарына бюджеттік кредит беру үшін сенім білдірілген агенттің қызметтері мен көтерме жәрдемақы ұсыну бойынша шығыстар қарастырылған (2020ж. – 1 маманға, 2021ж. – 1 маманға, 2022ж. – 1 маманға көтерме жәрдемақы ұсыну).
- 2020 жылға – 626,0 мың теңге
- 2021 жылға – 744,0 мың теңге
- 2022 жылға – 972,0 мың теңге
006 бағдарлама – Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 20814,0 мың теңге (Рудничный ауылының мамандарына бюджеттік кредит беру 2020ж. – 2, 2021ж. – 1, 2022ж. - 2)
- 2020 жылға – 7953,0 мың теңге
- 2021 жылға – 4176,0 мың теңге
- 2022 жылға – 8685,0 мың теңге