Қала әкімі Бахтияр Өнербаев Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Республика және облыс тарапынан берілген Алғыс хаттар табыс етті.
Құрметті медицина саласының қызметкерлерін және қаламыздағы медицина саласында талмай еңбек етіп жүрген барша ақ халатты абзал жандар сіздерге өз ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамыз.
Адам жанының арашасы болып, халық игілігі үшін атқарып жатқан істеріңізге сәттілік, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.