«Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін қызмет «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну»

 Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» N 66 Заңына сәйкес ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмек мемлекеттен:

  • жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
  • тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ретінде көрсетіледі.

Тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн бюджеттік кредит мамандар үшін теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойыншаберіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚПорталында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

«Дипломмен ауылға» Жобасына

Сұранысқа ие мамандықтар тізіміне сәйкес жұмысқа орналасқан дипломын жаңа алған оқу орындарының түлектері, еңбек өтілімен мамандары қатыса алады

Мемлекеттік қызметті алу бойынша кеңес алу үшін 8 (72835) 4-31-73 телефоны бойынша хабарласуға болады.

«Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін қызмет «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну»
Дата публикации
15 мая 2023