«Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты» ММ 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкім аппаратының       2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 15 бұйрығының негізінде жасалды.

Бюджет көлемі Текелі қалалық мәслихатаның 2022 жылғы                                26 желтоқсандағы № 23-123 шешімімен бекітілген.

Ауылдық округтің үш жылдық кезеңге жалпы шығыстарының көлемі 5 бюджеттік бағдарлама арқылы жалпы сомасы 165008,0 мың теңгеге іске асырылады, соның ішінде:

001 бағдарлама – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер  140210,0 мың теңге. Оның ішінде, жалақы қоры мен аударымдар 78661,0 мың теңгені құрады (2024ж. –26055,0 мың теңге, 2025ж. – 26303,0 мың теңге, 2025ж.- 26303,0 мың теңге). Қызметкерлердің штатық саны 9 адам, оның 4-і мемлекеттік қызметшілер.

- 2024 жылға – 45852,0 мың теңге

- 2025 жылға – 46808,0 мың теңге

- 2026 жылға – 47550,0 мың теңге

    008 бағдарлама - Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру-10749,0 мың теңге. Рудничный ауылының қөшелерінің жарықтандыру бойынша шығыстар қарастырылған.

- 2024 жылға – 3263,0 мың теңге

- 2025 жылға – 3573,0 мың теңге

- 2026 жылға – 3913,0 мың теңге

009 бағдарлама – Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету-1154,0 мың теңге (Рудничный ауылының санитарлы-экологиялық және эстетикалық күйін сақтау бойынша шараларды жүргізу)

- 2024 жылға – 350,0 мың теңге

- 2025 жылға – 384,0 мың теңге

- 2026 жылға – 420,0 мың теңге

011 бағдарлама – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру -6763,0 мың теңге  (Рудничный ауылының көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу)

- 2024 жылға – 2053,0 мың теңге

- 2025 жылға – 2248,0 мың теңге

- 2026 жылға – 2462,0 мың теңге

013 бағдарлама – Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету-6132,0 мың теңге   (Рудничный ауылының автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау)

- 2024 жылға – 1862,0 мың теңге

- 2025 жылға – 2038,0 мың теңге

- 2026 жылға – 2232,0 мың теңге

«Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты» ММ 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
05 мая 2023