Текелі қаласының 2020 жылға  арналған азаматтық бюджеті

Текелі қаласының 2020 жылға

 арналған азаматтық бюджеті

 

Қалалық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «Салық және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған мақсаттар, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу және кірістерді болжау әдістемелері негізінде қалыптастырылған.

Сонымен қатар, бюджетті қалыптастыру барысында:

- Мемлекеттік және салалық бағдарламалар, сонымен қатар Текелі қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы назарға алынды.

                - жобаны есептеу барысында салық заңнамасындағы ставкалар бойынша өзгерістер, өткен қаржылық жылдағы түсімдер динамикасы, бір реттік түсімдер, республикалық және облыстық бюджеттен берілген тұрақты сипаттағы ағымдағы нысаналы трансферттер есепке алынды.   

Қала бюджеті экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірленеді.

Жоспарлы кезеңге қала бюджетінің жобасы әзірленіп, қаланың бюджеттік комиссиясына қарастыру үшін ұсынылды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған қоғамдық кеңестің отырысында қала бюджетінің жобасын талқылау жүргізеді.

Бюджетті нақтылау Текелі қалалық мәслихатаның 2020 жылғы                  24 шілдедегі № 48-287 шешімімен жүргізілді.

          

1-бөлім. Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі көрсеткіштері

 

         Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 276-VI Заңымен               2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей белгіленген:

теңге

Көрсеткіштер

2019 жыл

01.01.2020ж

01.04.2020ж

Айлық есептеу көрсеткіші

2525

2651

2778

Еңбекақының төменгі мөлшері

42500

42500

42500

Зейнетақының төменгі мөлшері

36108

38636

40441

 

2- бөлім. Бюджет кірістері мен шығыстары

Бюджет кірістері

         Қалалық бюджеттің 2020 жылға өзіндік кірістері – 757,7 млн. теңге сомасында анықталды.  

Кірістер өзіндік түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер – 96,6%-ті немесе 732,0 млн. теңгені, салықтық емес түсімдер – 1,7%-ті немесе 12,9 млн. теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер – 1,7%-ті немесе 12,8 млн. теңгені құрайды.

2020 жылдан бастап республикалық бюджеттен шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы 100% мөлшерінде жергілікті бюджетке берілді.

Түсімдердің негізгі көздері болып меншікке салынатын салық (24,8%), табыс салығы (66,0%) мен табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (2,4%) болып табылады. Сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (1,7%) және өзге де түсімдер (5,1%).

Салықтар және басқа да төлемдер көлемі бекітілген Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептелді.

2020 жылға нысаналы трансферттердің көлемі – 3367,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

Жыл

Ағымдағы трансферттер (млн. теңге)

Даму трансферттері (млн. теңге)

Республикалық бюджет

Облыстық бюджет

Барлығы

Республикалық бюджет

Облыстық бюджет

Барлығы

2020

2034,8

632,0

2666,8

409,7

291,3

701,0

 

Бюджет шығыстары

2020 жылға қалалық бюджеттің шығыстары 8179,0 млн. теңгені құрады, соның ішінде функционалдық топтар бойынша:

 

Функционалдық топ

Нақты 2019 жыл

2020 жыл

жоспар

2019 жылға өсім %

2021 жыл жоспар

2020 жылға өсім %

2022 жыл жоспар

2021 жылға өсім %

Білім беру

1731,8

2946,7

170,2

2878,2

97,7

3581,3

121,5

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

728,5

1021,5

140,2

651,6

63,8

634,7

62,1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1132,2

1847,2

163,2

990,5

53,6

483,4

26,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

102

126,3

123,8

114,4

90,6

116,6

92,3

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

46,0

40,0

87,0

52,7

131,7

58,8

147,0

Көлiк және коммуникация

186,5

1364,1

7,3 есе

336,7

24,7

346,7

25,4

Басқалар

724,8

833,2

115,0

1995,8

2,4 есе

262,4

31,5

 

Жалпы шығындардың 50,1%-ін (4094,5 млн. теңге) әлеуметтік сала құрайды.

         Білім беруде саласында келесі шығындар көзделген:

  • жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне – 19,9 млн. теңге;
  • біліктілік санаты үшін педагогтарға қосымша ақы-78,8 млн. теңге және тәрбиешілерге-5,2 млн. теңге;
  • орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге-57,1 млн. теңге;
  • мемлекеттік ұйымдар педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға-253,3 млн. теңге; мектепке дейінгі тәрбие беруге-50,2 млн. теңге және қосымша білім беруге-11,4 млн. теңге;
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға-229,8 млн. теңге;
  • мектептердегі онлайн білім беруге-3,1 млн. теңге;
  • жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 143,2 млн. теңге;
  • мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге, ағылшын тілінде сабақ бергені үшін – 3,3 млн. теңге;
  • магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге-3,3 млн. теңге;
  • мектеп педагог-психологтарының лауазымдық жалақы мөлшерін ұлғайтуға-1,6 млн. теңге;
  • жас мұғалімдерге тәлімгерлігі үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге-2,3 млн. теңге;
  • бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлеріне сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға-4,6 млн. теңге;
  • дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақының мөлшерін арттырғаны үшін -2,9 млн. теңге;
  • қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн ұзақтығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын 56 күнге дейін ұлғайтуға-1,5 млн. теңге;
  • қаланың мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыруға-13,8 млн. теңге;
  • қаланың мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге – 36,8 млн. теңге;
  • жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдауға – 2,4 млн. теңге;
  • патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап – бағуға-7,4 млн. теңге.

             Сондай-ақ, №8 орта мектепке 2019 жылдың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштері үшін 34,0 млн. теңге көлемінде грант қарастырылған.

             Ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына – 650,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде №6 орта мектепті күрделі жөндеуге-465,5 млн. теңге, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға-137,5 млн. теңге, №3 ОМ бойынша және 7 мектептің футбол алаңдары бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге-18,5 млн. теңге, екі автобус сатып алуға-29,2 млн. теңге.

Әлеуметтік қамсыздандыруда келесі шығындар көзделген:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке -473,3 млн. теңге;
  • мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне – 40,3 млн. теңге;
  • жалақыны субсидиялауға-2,7 млн. теңге;
  • жастар тәжірибесіне-9,9 млн. теңге;
  • кәсіптік оқытуға – 24,6 млн. теңге;
  • қоғамдық жұмыстарға – 251,8 млн. теңге;
  • жаңа бизнес идеяларды іске асыруға-21,6 млн. теңге;
  • бос орындар жәрмеңкесін өткізуге-0,3 млн. теңге.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін - 0,5 млн. теңге;
  • тұрғын үй көмегін көрсету үшін-9,8 млн. теңге;
  • облыс әкімінің гранты бойынша студенттерді оқытуға – 5,2 млн. теңге;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауған соғысына, Чернобыльдықтарға біржолғы материалдық көмекке-16,8 млн. теңге;
  • туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге – 1,9 млн. теңге;
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ата-ана төлемін субсидиялауға-11,8 млн. теңге;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмекке-0,6 млн. теңге;
  • Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс – шаралар жоспарын іске асыру үшін-4,0 млн. теңге;
  • мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға-0,6 млн. теңге;
  • сондай-ақ 5,0 млн.теңге сомасында "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны ішінара төлеу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға шығыстар қарастырылған.

 

Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:

- кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу, қалалық және облыстық жарыстарға қатысу;

- ҮЕҰ мемлекеттік қолдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында:

Автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мен оларды жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ұстау үшін (жолдарды орташа жөндеу, автомобиль жолдарын қысқы ұстау, көп балалы аналарға тегін жол жүруге) 2020 жылға арналған бюджетте 345,8 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған.

«Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бағдарламасы бойынша амфитеатр құрылысына-176,4 млн.теңге және Рудничный ауылының су бөгеті ғимаратын қайта жаңғырту бойынша жобаны іске асыруға-26,3 млн. теңге қаражат қарастырылған.

22 ауланың ойын алаңының құрылысына 334,6 млн. теңге қаражат бөлінді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қалдық қоймасын қалпына келтіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін 465,4 млн.теңге қарастырылған. Сондай-ақ, 40 пәтерлі екі үйдің құрылысына және инженерлік-коммуникациялық желілеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге-4,0 млн.теңге қарастырылған.

Облыстық бюджеттен медициналық қызметкерлер үшін тұрғын үй сатып алуға 32,0 млн. теңге сомасында және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерден көшірілген тұрғындарға тұрғын үй сатып алуға 77,0 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде Рудничный ауылына 0,9 млн.теңге бөлінді.

Қала бюджетінде: мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 7953,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер;

мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеуге-777,0 мың теңге көзделген;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайтуға-50000,0 мың теңге.

сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздары бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсетуге арналған шығыстарға 44,0 мың теңге қарастырылған.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 18,1 млн.теңге қарастырылған.

Жүргізіліп жатқан шығыстар саясаты ағымдағы шығыстардың деңгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте ұстап тұру қағидатына жауап беретін болады.

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында

Бағдарлама аясында 13 жобаны жүзеге асыру үшін 1837,0 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттер есебінен №6 орта мектепті күрделі жөндеуге 465,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен ағымдағы қарыз қаражаттар есебінен 12 жобаны жүзеге асыруға 1371,5 млн. теңге қарастырылған:

  • қалалық зираттың аумағын кеңейтумен қоршауын күрделі жөндеуге 70,3 млн. теңге;
  • Рудничный ауылының жаяу жолдарын күрделі жөндеуге 21,2 млн. теңге;
  • Текелі қаласының Қонаев көшесіндегі темір жол өткелінен бастап қаладан шыққанға дейін жаяу жүргінші жолын және арық жүйесін күрделі жөндеуге 106,3 млн. теңге;
  • спорт алаңдарын ағымдағы жөндеуге 40,0 млн. теңге;
  • әмбебап спорт алаңын демонтаждау және монтаждауға 25,7 млн. теңге;
  • жағалауға күн сәулесімен қуаттандырылатын көше жарықтандырғыштарын орнатуға 33,0 млн. теңге;
  • қала көшелерін жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге 45,0 млн. теңге;
  • Текелі қаласындағы «Көк Төбені» абаттандыруға 8,0 млн. теңге;
  • Текелі қаласындағы «Көк-Төбеге» тутұғыр орнатуға 6,5 млн. теңге;
  • орталық алаңда тутұғыр орнатуға 20,6 млн. теңге;
  • Әл-Фараби, Достық, Орақты батыр, Жансүгіров, Кольцевая көшелерін күрделі жөндеуге 765,2 млн. теңге;
  • Тәулсіздік, Уәлиханов, Жеңіс көшелері, шіркеуден Бытовик гараж қоғамдастығына дейінгі өтетін жолдарды күрделі жөндеуге 229,7 млн. теңге.

 

 

3-бөлім. Бюджет тапшылығы (профицитi)

Бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1382,8 млн. теңгені құрады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру 1379,5 млн.теңге сомасында қарыздар түсімі, 3,7 млн. теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары және 0,4 млн. теңге қарыздарды өтеу есебінен бюджет тапшылығын өтеу жолымен қамтамасыз етілді.

 

Дата публикации
11 августа 2020