12.04.2023 ж. "QazIndustry", "QazTrade", "Қазэкспортгарант" АҚ даму институттары Талдықорған қаласында мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша семинар өткізді, оған Текелі қаласының кәсіпорындары да қатысты.
Сол күні өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында аталған институттардың өкілдері Текелі қаласының кәсіпорындарын аралап шықты. Жергілікті жерлерде "AkAltyn Products" ЖШС, "Art-KZ" ЖШС, "Tasun" ЖШС, "Grindstone" ЖШС кәсіпорындарының өндірісімен танысып, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға жауапберілді.
Бұданбасқа, индустриялық дамуды бағалау үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және Индустриялық даму министрлігі әзірлеген сауалнамадан, сондай-ақмемлекеттік ынталандыру жөніндегі материалдардан өту ұсынылды.