Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу мәселелері бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету,
сайлау алдындағы үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал
салу мәселелері бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу мәселелері бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Астана, 2026 2 Құжатта сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлау комиссиялары қызметінің жариялылығы, сайлау алдындағы үгітті жүргізудің тәртібі мен мерзімдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда үгіт материалдарын жариялау тәртібі, сайлау алдындағы жария іс-шараларды ұйымдастыру шарттары, үгіттік материалдарға қойылатын талаптар, жөнсіз үгітке тыйым салу, сондайақ қоғамдық пікірге сауал салу және оның нәтижелерін жариялау тәртібі жөніндегі заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес сайлау заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылған. 3 МАЗМҰНЫ 1. Қысқартылған сөздер (аббревиатуралар) 4 2 Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету 5 2.1. Сайлау комиссиялары қызметіндегі жариялылық 5 3. Сайлау алдындағы үгіт 6 3.1. Сайлау алдындағы үгіт белгілері 7 3.2. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығы 8 3.3. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу мерзімдері 9 4. БАҚ және онлайн-платформалардағы сайлау алдындағы үгіт 10 4.1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлауға қатысуының тең құқықтары мен шарттарын қамтамасыз етудің жалпы қағидалары 10 4.2. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялау шарттары 13 4.3. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялау тәртібі 13 5. Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу 14 5.1. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу 15 6. Үгіт материалдары 15 7. Сайлау алдындағы жөнсіз үгіт 17 8. Қоғамдық пікірге сауал салу 17 8.1. Интернет-ресурстар мен онлайн-платформаларда сайлауға байланысты блиц-сауалнамалар мен онлайн сауалнамаларды өткізу мәселелері 18 4 1. Қысқартылған сөздер (аббревиатура): БАҚ -бұқаралық ақпарат құралдары; ОСК – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы. 5 2. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету ҚР ОСК Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарын сайлау жөніндегі сайлауалды науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары және бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 2.1. Сайлау комиссиялары қызметіндегі жариялылық Сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Сайлау комиссиялары өздерінің шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуына жағдай жасайды. Шешімдер жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылады. Сайлау комиссиясының отырыстарына партиялық тізім ұсынған саяси партия өкілдері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, сондайақ қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болcа, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру қорытындылары анықталғанға дейін бір мезгілде қатысуға құқығы бар: партиялық тізімді ұсынған әрбір саяси партиядан бір сенім білдірілген адам; Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті органда есепке қойылған әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір өкіл, ал әрбір телеарнадан қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған жағдайда үш өкілден аспайтын; 6 Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушы; аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары. Мерзімді баспасөз басылымдары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен және көлемде республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен сайлау комиссияларының хабарларын жариялайды. Бұқаралық ақпарат құралдары тиісті сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқанның барысы туралы ақпаратты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген хабарларды дереу жариялау мүмкіндігін береді. 3. Сайлау алдындағы үгіт Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет. Сайлау алдындағы үгіт: 1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы ісшараларды), сондай-ақ саяси партиялардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткiзу жолымен; 3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен; 4) онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайына кепілдік беріледі. Қандай да бір адамның бейнесін оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдаланып сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады. 7 Сайлау алдындағы үгітті жүргізу мәселелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу және сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларымен» реттеледі. 3.1. Сайлау алдындағы үгіт белгілері Бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайнплатформалардағы сайлау алдындағы үгіт деп бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау (эфирге шығару), сондай-ақ пайдаланушылардың мынадай мазмұндағы ақпаратты таратуы танылады: 1. партиялық тізім ұсынған белгілі бір саяси партияға дауыс беруге не оған қарсы дауыс беруге шақырулар; 2. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған қандай да бір саяси партияға қатысты артықшылық жасау; 3. партиялық тізім ұсынған саяси партияның сайлануы не сайланбай қалуының ықтимал салдарын сипаттау; 4. қандай да бір кандидат немесе партиялық тізім ұсынған саяси партия туралы айқын басым ақпарат беру. Кандидаттың немесе саяси партияның еңбегі мен жетістіктерін сипаттау да сайлау алдындағы үгіт болып танылады. Егер материалдың мазмұны сайлаушының белгілі бір саяси партияға дауыс беру не оған қарсы дауыс беру ниетін қалыптастыру, өзгерту мен оның ниетін күшейтуге түрткі болса, онда мұндай материал оның қандай түрде таратылғанына қарамастан, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі, блогтардағы және өзге де онлайн-платформалардағы жарияланымдар арқылы таратылған жағдайда да, сайлау алдындағы үгіт деп танылуы мүмкін. 8 3.2. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы Мемлекет азаматтарға, қоғамдық Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, өзге де заңдарына сәйкес белгілi бір саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi. Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы. Сонымен қатар, азаматтың (оның ішінде онлайн-платформаны пайдаланушының және/немесе инфлюенсердің (блогердің)) қандай да бір қаржыландыруды (шығындарды) талап етпейтін жеке пікірін білдіруіне заңнамамен тыйым салынбайды. Мыналарға: 1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына; 2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға; 3) сайлау комиссияларының мүшелеріне; 4) діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 34-бабына сәйкес сайлау науқандарын мемлекеттік емес қаржыландыру көзделген. Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар өздерінің сайлау қорларының қаражаты есебінен мынадай шығыстарды төлеуге құқылы:  бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайнплатформаларда сөз сөйлеуге;  сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге;  қосымша үгіт материалдарын әзірлеуге және шығаруға;  көліктік шығыстары мен іссапар шығыстарын өтеуге. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тартуға немесе өзге де материалдық көмекті қабылдауға тыйым салынады. 9 Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге байланысты саяси партияға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларда саяси партияның көрсетілетін қызметті қабылдауға берген жазбаша келісімі болуы тиіс. Бұл мақсаттар үшін басқа қаржы көздерінен өзге ақша тартуға, партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаты есебінен ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін саяси партия тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады. Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін заңнамада белгіленген жауаптылық көзделген. 3.3. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңдері Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізім ұсынған саяси партияларды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Сайлау алдындағы үгіттің басталуы: 2026 жылғы 23 шілде сағат 18.00-ден кейін Сайлау алдындағы үгіттің аяқталуы: 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00 Тыныштық күні – 2026 жылғы 22 тамыз Егер материалдарда саяси партияны қолдауға не оған қарсы үгіт белгілері болмаса, бейтарап нысанда тұлғаның өмірбаяндық деректерін, саяси партияның кәсіби, қоғамдық және өзге де қызметі туралы ақпаратты сайлау алдындағы үгіт басталған уақытқа дейін тарату өздігінен сайлау алдындағы үгіт жүргізу болып табылмайды. Дауыс беру күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады. Бұған дейін сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайлардан және дауыс беру өткізуге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде ілінген үгіттік баспа материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. 10 Бұған дейін интернет желісінде орналастырылған үгіт материалдары да бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Алайда бұрын орналастырылған мұндай материалдарды интернетресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және өзге де жауаптылық саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сондай-ақ сайлау күні немесе оның алдындағы күні сайлау алдындағы үгіт жүргізген жағдайда туындайды. Егер саяси партия «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарын бұзса, партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға не олардың тіркелуінің күшін жоюға негіз болатын жағдайларды қоспағанда, оған ескерту жасалады. Ал талаптарды қайталап бұзған жағдайда тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. 4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы және онлайнплатформалардағы сайлау алдындағы үгіт 4.1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуын қамтамасыз етудің жалпы қағидалары Бұқаралық ақпарат құралдары партиялық тізімдер ұсынған барлық саяси партиялардың ұсынылуы, тіркелуі және сайлауға қатысуы туралы деректерді бір саяси партияға екіншісіне қарағанда негізсіз артықшылық беруге жол бермей, тең жағдайларда таратуға міндетті. Бұл ретте тең жағдайлар ақпаратты таратудың баспа алаңының, эфир уақытының көлемі, жариялану жиілігі, материалдарды орналастыру форматы және өзге де параметрлерінің салыстырмалы түрде бірдей болуын білдіреді. Көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары барлық партиялық тізімдерді ұсыну жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларының тіркеуі туралы хабарларды баспа алаңы мен эфир уақытының тең көлемінде таратуға міндетті. 11 Үгіт материалдарын орналастырудың тең жағдайлары мыналарды білдіреді: - партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділікке кепілдік беріледі; - Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары барлық саяси партиялар үшін бірдей болып, қандай да бір саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс; - бұқаралық ақпарат құралдары шарттық негізде тіркелген, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін эфир уақытын және баспа алаңын ұсынады; - онлайн-платформаларды пайдаланушылар шарттық негізде тіркелген, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін ақпарат көлемін ұсынады; - үгіт материалдарын жариялауға арналған шарттың талаптары қандай да бір саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс; - үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері және орналастыру шарттары туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын жариялануға тиіс; - шарттық негізде эфир уақытын, баспа алаңын немесе ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайнплатформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен орналастыру шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға құқылы емес; - бұқаралық ақпарат құралының немесе онлайн-платформаны пайдаланушының шарттық негізде партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың біріне үгіт материалдарын орналастыруға берген келісімі басқа партиялық тізімдер ұсынған өзге де саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруға берілген келісім болып есептеледі; - бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайнплатформаларда партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың сөз сөйлеу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен, ал жолданымдар бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе арқылы айқындалады; - сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды беру шарттары барлық саяси партиялар үшін бірдей әрі тең болуға тиіс; - сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясы белгілеген стандартты мәліметтер жиынтығымен бір нысанда орналастырылады. 12 Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайнплатформаларды пайдаланушы Құрылтай депутаттығына партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың кандидаттарының сайлау алдындағы бағдарламалары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды идеяларын насихаттаса, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақырса оларды жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар: - саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi жазыпкөрсетудi жүзеге асыруға; - кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiрқасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға; - аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау үшiн баспа басылымының ең таяудағы нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге міндетті; - радио және телевизия арқылы терiске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, ал аталған теле- және радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда - оған тақырыптық бағыты сәйкес келетін өзге теле- және радиобағдарламада берілуге тиіс. Кандидаттар немесе саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны, сондай-ақ олардың ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. 13 4.2. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда жариялау шарттары Бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауға негіз болатын құжаттар: саяси партияның уәкілетті тұлғасының бұқаралық ақпарат құралының немесе онлайн-платформаны пайдаланушының басшысының атына жазылған жазбаша өтініші; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі. Үгіт материалдарын жариялауға арналған шарттың талаптары қандай да бір саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс. Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар өкілдерінің телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады. Көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Сайлау алдындағы үгітке байланысты мерзімді баспа басылымының таралымы барлық саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс. Телерадио хабарларын тарату субъектілеріне жаңалықтар және талдамалық бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді. Көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. 4.3. Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда үгіт материалдарын жариялау тәртібі Партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар жазбаша жолданымда сөз сөйлейтін күні мен уақытын көрсетеді. Осы ұсыныстардың негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының 14 редакциялары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар саяси партияларға эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін беру кестесін әзірлейді. Партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін беру кестесін бұқаралық ақпарат құралының редакциясы немесе онлайн-платформаны пайдаланушы бұқаралық ақпарат құралы мен онлайн-платформаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді. Осы кестеге саяси партиялардың жарнамалық және үгіт материалдарын жариялау да енгізіледі. Саяси партиялардың үгіт материалдарының жарияланатын күні мен эфирге шығатын уақыты көрсетілген кестенің көшірмесі саяси партияның жолданымы келіп түскен күннен бастап үш күн ішінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Ал кестеге өзгерістер енгізілген жағдайда, жаңартылған кесте бір тәулік ішінде ұсынылуға тиіс. 5. Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде сайлау алдындағы жария іс-шаралар (сайлау алдындағы жиналыстар мен сайлаушылармен кездесулерді, сайлау алдындағы жария пікірсайыстар мен пікірталастарды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды және заңнамада белгіленген тәртіппен өткізілетін әрі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар), сондай-ақ саяси партиялардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге жол беріледі. Сонымен қатар, пикет, жиналыс, митинг, демонстрация және шеру нысанындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен реттеледі. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары саяси партияларға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін 15 шарттық негізде үй-жайлар береді. Үй-жай беру шарттары барлық саяси партиялар үшін бірдей және тең болуға тиіс. Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, бөлінген үй-жайларда саяси партиялардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу кезінде баспа өнімдерін, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған омырауға тағатын белгілерді, жалаулар мен жалаушаларды тегін таратуға жол беріледі. 5.1. Сайлау алдындағы пікірсайысты өткізу Сайлау алдындағы пікірсайыс - Құрылтай депутаттығына партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың түрлі қоғамдық маңызды мәселелер, оның ішінде олардың сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жария пікір алмасуы. Сайлау алдындағы жария іс-шаралар қатарына Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірсайыстар да жатады. Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысымен бекітілген. 16 6. Үгіт материалдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес барлық үгіт материалдарында келесі мәліметтер (маркировка) қамтылуы тиіс: осы материалдарды шығарған ұйым; олардың басылған жері (баспа материалдары бойынша); таралымы (баспа материалдары бойынша); тапсырыс жасаған тұлғалар; қандай қаражаттан ақысы төленгені туралы. Егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаса, онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары қолданылады. Көрсетілген талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы науқанға арналып дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижелерін олар машина оқитын нысанда таңбаланған және қабылдауды қиындататын әдістер қолданылмай, пайдаланушының осындай қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін көрнекі нысанмен не өзге де ескерту нысанымен сүйемелденген жағдайда ғана таратуға жол беріледі. Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық саяси партиялар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындайды және оларды барлық саяси партиялар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ететін стендтермен, қалқандармен және жарнама тұғырларымен жабдықтайды. Саяси партиялар тиісті объектінің меншік иесінің рұқсатымен үгіттік баспа материалдарын өзге орындарға да орналастыруға құқылы. Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады. Көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. 17 7. Сайлау алдындағы жөнсіз үгіт Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады. Көрсетілген бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Партиялық тізім ұсынған саяси партияның, сондай-ақ оның сенім білдірілген адамдарының осы талапты бұзуы партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп соғады. Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ кез келген жеке және заңды тұлғаларға олардың атынан немесе оларды қолдау мақсатында ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. 8.Қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және:  қоғамдық пікірге сауал салу саласында кемінде бес жылдық тәжірибесі бар;  тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы алдын ала Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлаған заңды тұлғалар құқылы. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданатын хабарламада мынадай мәліметтер көрсетіледі: 18  сауал салуға қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы;  қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы;  қолданылатын талдау әдістері туралы. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсетуге тиіс: сауал салуды жүргізген заңды тұлға туралы; сауал салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғалар туралы; сауал салынған уақыт туралы; ақпарат жинау әдісі туралы; қойылған сұрақтың нақты тұжырымы; сауал салуға қатысқан респонденттердің саны; сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициенті. 8.1. Сайлауға байланысты интернет-ресурстар мен онлайнплатформаларда блиц-сауалнамалар мен онлайн-сауалнамалар жүргізу туралы Бірнеше азаматтың пікірін білу сұхбат жүргізуді білдіреді, яғни қатысушылар саны шектеулі, қатаң форматтық талаптар қойылмайтын еркін әңгімелесу нысаны болып табылады. Егер мұндай іс-әрекеттер блиц-сауалнаманың қорытындыларын жинақталған сандық нәтижелер түрінде, яғни сауалнамаға қатысқандардың санын, белгілі бір ұстанымды қолдаған адамдардың санын, жауаптардың пайыздық арақатынасын, рейтингтерді және өзге де сандық көрсеткіштерді көрсете отырып жариялаумен қатар жүрмесе, онда олар қоғамдық пікірге сауал салу деп танылмайды. Қоғамдық пікірге сауал салу халықтың ауқымды топтарының пікірлері мен бағаларын жинаудың және зерделеудің әдісі болғандықтан, оны жүргізу кезінде тиісті әдіснама, репрезентативті іріктеу және алынған деректерді сандық өңдеу қолданылады. 19 Сонымен бірге, сайлауға байланысты интернет-ресурстар мен онлайн-платформаларда онлайн-сауалнамалар жүргізу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарын сақтамай азаматтардың пікірлерінің сандық көрсеткіштерін келтіре отырып олардың нәтижелерін жариялау әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін. Ескертпе: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформаларды пайдаланушылардың әкімшілік жауапкершілігін көздейтін өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 июля 2026