Талдыкорган герб

Меню

Страницы

Статья

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу

          Ұлттық жоспардың 100 нақты қадамы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытында «Кірісті және шығысты жалпы жариялауды еңгізу» 42 қадам көзделген. Ол өз кезегігде Салық кодексінің 71 тарауында заңдық көрінісін тапқан.

          Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты.

Салық салу -  мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

2019 жылдың 03-ші шілдесінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілді.

          Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

         Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

         Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

          Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Атманов

 

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 июля 2026
Талдықорған қаласындағы үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары туралы ақпарат
17 июля 2026
Талдықорған қаласында сайлаушылармен кездесуге арналған орындар (үй-жайлар) туралы ақпарат
16 июля 2026

Социальные медиа

Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы