ЕРЕЖЕСІ «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Талдықорған қаласы әкімдігінің

2022 жылғы «___»_________ №_______

қаулысына қосымша

 

 

 ЕРЕЖЕСІ

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Талдықорған қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Бөлім мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бөлім заңнамаға сәйкес, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы: «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  9. Бөлім құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  10. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласының, Абай көшесі, 241.
  11. Осы Ереже Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
  12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің республикалық және жергілікті бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:
  • Талдықорған қаласында жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
  1. Өкілеттіктері:
  • құқығы:

-  жеке және заңды тұлғалардан қажетті құжаттаманы талап етуге;

- жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

- қала жерлерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларға, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың отырыстарына қатысуға.

2) міндеттері:

- қала жерлерін ұтымды пайдалануға байланысты құжаттаманы дайындауға және қарауға қатысуға;

- Талдықорған қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

- жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға.

  1. Қызметтері:

1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2) жер телімдерін беру және мақсатты нысанын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын әзірлеу;

3) қойнауларды мемлекеттік геологиялық зерттеп білумен және барлаумен байланысты қойнауды пайдалану мақсаты үшін жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын әзірлеу;

4) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алып қою бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) бөлінетін және бөлінбейтін жер телімдерін анықтау;

6) мемлекеттің жеке меншікке сатылатын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

7) жерге орналастыруын жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

8) жерлерді аймаққа бөлу жобаларын және қала жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалары мен схемаларын, бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

9) елді мекендердің аумағында жер-шаруашылық құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10) жерлердің сауда-саттықтарын (аукциондарын, конкурстарын) өткізуді ұйымдастыру;

11) жерлерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

12) қала жерлерінің балансын жасау (облыстық маңыздағы қалалар);

13) жер телімдері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ басқа да жер құқық қатынастар субъектілеріне есеп жүргізу;

14) сатып алу-сату келісім шарттары мен жер телімін жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану келісім шарттарын жасау және жасалған келісім шарттардың шарттарын орындауға бақылауды жүзеге асыру;

15) Қазақстан РеспубликасыЖер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңыздағы қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстарды дайындау;

16) ауыл шаруашылық шабындықты бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

17) жерлерді резервке қою бойынша ұсыныстарды дайындау;

18)  Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органына жер учаскелеріне құқықтар беру туралы өтініштерді, сондай-ақ бұрын берілген жер учаскелерін уақытша пайдалану және жеке меншікке сатып алу мерзімін ұзарту жөніндегі өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау;

19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлімге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. Бірінші басшының өкілеттіктері:

1) бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

5) сенімхатсыз бөлімді мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

6) сенімхат береді;

7) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және тиесілі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Републикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Дата публикации
15 апреля 2026