Талдықорған қаласының 2025 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Талдықорған қаласының 2025 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

 

Өнеркәсіпте 193,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 104,3%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 31,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 101,1%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 59,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 127,7%.

175,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2024 жылға сәйкес 12,8%-ға жоғары.

Қала экономикасына 112,4 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 142,2%-ды құрады.

Сауда айналымының көлемі 9,4%-ға өсіп, 164,4 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 88,7%-ға орындалды, ағымдағы 2025 жылға болжамдағы 148,9 млрд. теңгенің орнына 132,2 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 78,1 млрд. теңге (81,0%), жергілікті – 54,1 млрд. теңге (102,9%)).

Жалпы қалада 3 810 адам жұмысқа орналастырылды,     8 482 жаңа жұмыс орындары құрылды.

 

Дата публикации
19 января 2026