2026 жылғы 15 қаңтар сағат 20:00-ден 17 қаңтар сағат 20:00-ге дейін облыс аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Ауа райы болжамы:
* 16 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар, төменгі боран күтіледі. Күндіз қар, төменгі боран, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты қар жауады.
* 17 қаңтарда облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, төменгі боран болжанады.
* Облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
* Жел солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында 15–20 м/с.

🌡️ Ауа температурасының төмендеуі:
* 16 қаңтарда түнде 10–15° аяз, солтүстігі мен таулы аудандарында 19–24° аяз;
күндіз 5–10° аяз, солтүстігі мен таулы аудандарында 13–18° аяз.
* 17 қаңтарда түнде 15–20° аяз, облыстың шығысы мен орталығында 20–25° аяз;
күндіз 10–15° аяз, шығысы мен орталығында 15–20° аяз.

⚠️ Тұрғындардан ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жолға шыққанда абай болуды сұраймыз.

Дата публикации
15 января 2026