Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (селолық) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру

    1. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (селолық) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы 9 ақпанда сағат 10:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Абай көшесі, №256, Талдықорған қаласы әкімдігінің ғимараты, 2-қабат, кіші мәжіліс залы.

     

    1. Конкурсқа келесі маршрут шығарылады:

     

    ЛОТ №1

    Маршрут № 27 «Гаухар Ана к. – Қабанбай батыр к.- Ынтымақ а.»

     

    1. 3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарына меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

     

    1. 4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс құжаттарының жинағын алу үшін «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241, 207-кабинет мекен-жайы бойынша жазбаша өтінім береді.

     

    1. 5. Конкурс құжаттарын алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 23 қаңтар, сағат 10:00.

     

    1. 6. 2026 жылғы 14 қаңтарда сағат 15:00-де Конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша Абай көшесі, №256, Талдықорған қаласы әкімдігінің ғимараты, 2-қабат, кіші мәжіліс залында алдын-ала конференция өткізеді.

     

    1. 7. Анықтама үшін телефондар: 8 (728) 242-71-08, 8 (775) 591-89-83, электрондық пошта: transport.020913@mail.ru
Дата публикации
08 января 2026