Талдықорған қаласының 2025 жылдың қаңтар-қазан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 144,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 105,5%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 26,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 100,7%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 35,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 125,1%.
92,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2024 жылға сәйкес 0,6%-ға жоғары.
Қала экономикасына 75,3 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 139,1%-ды құрады.
Сауда айналымының көлемі 7,3%-ға өсіп, 131,5 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 84,0%-ға орындалды, ағымдағы 2025 жылдың 1 қарашасына болжамдағы 128,7 млрд. теңгенің орнына 108,1 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 64,5 млрд. теңге (76,3%), жергілікті – 43,6 млрд. теңге (98,5%)).
Жалпы қалада 3 270 адам жұмысқа орналастырылды, 7 575 жаңа жұмыс орындары құрылды.