«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Талдықорған қаласының әкімдігінің

2025 жылғы «___»_______________

№____ қаулысымен бекітілген

 

«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  • тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) кәсіпкерлік және туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы- «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі № 241.
  11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

3) туристік қызмет саласындағы үйлестіруді жүзеге асыру;

4) кәсіпкерлік қызметті қолдауды қамтамасыз ету.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өз құзыреті шегінде мониторинг жүзеге асыруға қатысады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға қатысады;

3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындауға қатысады;

4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыруға қатысады;

5) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген компентенция шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін тарту;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан,ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455 бабының, 1-тармағында көзделген істерді жүргізуге байланысты жұмыстар мен іс-шараларды жүзеге асыру;

Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдем көрсетеді;

2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;

3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;

4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;

5) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындайды;

6) барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында бөлімнің мүдделерін білдіру;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;

2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;
6) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

7) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыруға қатысады;

8) қала аумағындағы туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

9) туристік ақпарат беруге, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беруге қатысады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
  • мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүдделерін білдіреді;
  • сенімхаттар береді;
  • заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
  • өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
  • Бөлімнің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
  • «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мекеме атынан әрекет етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген  өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4-тарау.Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
12 ноября 2025