Талдықорған қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

ЖОБА

 

 

 

 

Талдықорған қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы                     салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін  төмендету туралы

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi  № 214-VIII  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 726-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талдықорған қаласында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі салық салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
  2. «Талдықорған қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 16-93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 137-19 болып тіркелген) шешімінің күші осы шешім күшіне енген күннен бастап жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

          Лауазымы

 

 

 

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
03 ноября 2025