Талдықорғанда 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Айта кетейік, ең алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі.

Қала бойынша жылу жүйесімен 750 көпқабатты тұрғын үй, 1 285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйым және 1 322 коммерциялық нысан қамтылады.

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

Жылу беру жұмыстарына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылу батареяларын мұқият тексеріп, негізгі талаптарды орындауларыңызды сұраймыз!

Дата публикации
06 октября 2025