2025 жылдың 8 қыркүйегінен 12 қыркүйегіне дейін Талдықорған қаласының әкімдігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында төмендегі номинациялар бойынша байқау жариялайды:
«Үздік аула»;
«Үздік көпқабатты тұрғын үй»;
«Үздік ауылдық округ»;
«Үздік аула сыпырушы»;
«Үздік коммерциялық нысан».
📌 Байқаудың мақсаты – қала тұрғындарының азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін арттырып, қоғамдық өмірге белсене қатысуға ынталандыру.
📝 Қатысу шарттары:
Қатысушылар 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін арнайы үлгіде толтырылған өтінімді байқау комиссиясына тапсыруы тиіс. Кейін тапсырылған өтінімдер қаралмайды.
Өтініммен бірге фото және видео материалдар қабылданады.
📍 Өтінім қабылдау мекен-жайы: Талдықорған қ., Абай көшесі, 241, №210 кабинет.