Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-қосымша

 

 

Жария талқылаудан кейін 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

 

№

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы

Жоспарланған сомасы

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

 

1

2

3

4

5

Сала 5. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

Ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шаралар өткізу

2,0 млн. тг.

-  Ұлттық және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

-  Жас ұрпақ бойында отансүйгіштік, ізгілік, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

-  Мәдени-танымдық іс-шаралар, отбасылық мерекелер, кездесулер, шеберлік сағаттары және пікірталас алаңдарын ұйымдастыру.

- Халық ауыз әдебиетін, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін дәріптеу.

-  Қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту.

- Отбасының рөлін арттыру және жастардың мәдени-рухани дамуына ықпал ету.

 

Сала 2. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

2

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

Талдықорған қаласында алаяқтық, интернет-алаяқтық, лудомания, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу

7,0 млн. тг.

— Талдықорған қаласында алаяқтық, интернет-алаяқтық, лудомания және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру.
— Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
— Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыру.
— Қоғамдағы тәртіп, қауіпсіздік және өзара сенім деңгейін арттыруға ықпал ету.

Сала 12. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту

3

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайту, этномәдени шараларды ұйымдастыру

2,0 млн. тг.

— Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты нығайтуға бағытталған мәдени және ағартушылық іс-шаралар өткізу.
— Әртүрлі этнос өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру.
— Этномәдени бірлестіктердің шығармашылығын қолдау және олардың бастамаларын дамыту.
— Қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында мерекелік, танымдық және достық кездесулер ұйымдастыру.

Сала 3. Қоршаған ортаны қорғау

4

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

Талдықорған қаласында волонтерлік қызметті дамытуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру

2,0 млн. тг.

— Талдықорған қаласында волонтерлік қызметті дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
— Жастарды қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға тарту.
— Қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға ынталандыру.
— Қоршаған ортаны сақтау мақсатында сенбіліктер, ағаш отырғызу, қоқыс жинау және экологиялық акциялар өткізу.

Сала 20. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша

5

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

Жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізу

1,9 млн. тг.

— Жастардың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
— Қазақстан тарихын, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттайтын іс-шаралар өткізу.
— Ардагерлермен кездесулер, тарихи-танымдық экскурсиялар, патриоттық форумдар мен спорттық жарыстар ұйымдастыру.
— Жастардың қоғам өміріне белсенді қатысуына және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.

6

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

Ардагерлер – халқымыздың ынтымақ - бірлігінің ұйтқысы

16,0 млн. тг.

— Ардагерлердің қоғамдағы беделін көтеру және олардың өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі ету.
— Ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кездесулер, мерекелік және тағылымдық іс-шаралар өткізу.
— Ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау және әлеуметтік қолдау көрсету.
— Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттыруға, отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал ету.

Сала 4. Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау

7

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

«Әлеуметтік бейімделу және қоғамға қайта тарту» тақырыбында маргинал жастармен жұмыс

5 млн. тг.

– Маргинал жастардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету
– Әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету арқылы олардың өмірлік дағдыларын дамыту
– Білім алу, кәсіби машықтарды игеру және еңбекке орналасу мүмкіндіктерін кеңейту
– Қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларға тарту арқылы әлеуметтік белсенділігін арттыру
– Жастарды еріктілікке, азаматтық белсенділікке және жауапкершілікке баулу
– Қоғамға қайта тарту үдерісінде отбасы мен қоғамның рөлін күшейту

Сала 3. Қоршаған ортаны қорғау

8

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлім» ММ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала тұрғынғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру

5 млн. тг.

– Қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру
– Табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын дамыту
– Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру
– Экоакциялар, сенбіліктер және тазалық шараларын өткізу
– Жасыл аймақтарды көбейтуге және көгалдандыруға қоғамды тарту
– Экологиялық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті арттыру

                                                                                                                       БАРЛЫҒЫ

41,0 млн. тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2025