Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 23-24 шілде аралығында Талдықорған қаласында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдарының, азаматтық қорғау құрылымдарының, халықты ескерту жүйесінің және тұрғындардың жер сілкінісі жағдайына дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу барысында шатырлы қалашық құрылып, жедел әрекет ету жасағының сап түзеуі және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Практикалық іс-шаралар шығыс өнеркәсіптік аймағында (С.К. Нұрмағамбетов көшесі) өтеді.

Сондай-ақ, оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу барысында ұйымдар мен кәсіпорындарда жоспарлы оқу-жаттығулар, ал адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Талдықорған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы

Дата публикации
17 июля 2025