Талдықорған қаласының 2025 жылдың қаңтар-сәуір айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 49,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 115,2%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 102,7%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 168,7%.
18,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2024 жылға сәйкес 5,7%-ға жоғары.
Қала экономикасына 14,5 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 108,7%-ды құрады.
Сауда айналымының көлемі 6,7%-ға өсіп, 46,8 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 104,8%-ға орындалды, ағымдағы 2025 жылдың 1 сәуіріне болжамдағы 39,6 млрд. теңгенің орнына 41,5 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 22,3 млрд. теңге (85,0%), жергілікті – 19,2 млрд. теңге (143,5%)).
Жалпы қалада 1 633 адам жұмысқа орналастырылды, 2 536 жаңа жұмыс орындары құрылды.