Талдықорған қаласы бойынша 2025 жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары
Талдықорған қаласының әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімі, сондай-ақ
«Еркін және Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерімен
56 мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетеді.
2025 жылдың 1 тоқсанында «Электрондық үкімет» веб-порталы мен Мемлекеттік корпорацияны қоспағанда, Жетісу облысы Талдықорған қаласының мемлекеттік мекемелерімен 8 284 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 118.
- «электрондық үкімет» веб – порталы – 6251;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін балама нысанда – 1208;
- электрондық, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 707 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының жалпы саны – 6. Атап айтқанда:
1) «Қызмет лайв» тікелей эфир: 2 рет
- 30 қаңтар «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту – 2 716 адамды құрады.
https://www.instagram.com/p/DFcIp2moOZ-/
- 13 ақпан «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту – 1 793 адамды құрады.
https://www.instagram.com/p/DGAnXVUtNJh/
2) 27 ақпан күні Талдықорғанда мүгедектігі бар азаматтардың қолжетімділігі бойынша талдау шарасы жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/DGk_S6GoRSX/
3)Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Садырқұлов қала тұрғындарына әлеуметтік желіде Талдықорған қаласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және цифрландыру бағыты бойынша жалпы мәліметі.
https://www.instagram.com/p/DF1t6UDoLPj/
4) 31 қаңтар және 14 ақпан күндері Талдықорған қаласы әкімшілігінің қызметкерлерімен әлеуметтік, жер қатынастары және тұрғын үй қоры салаларында мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері» 2 шара өтті.
https://www.instagram.com/p/DFer2NCRPdT/
https://www.instagram.com/p/DGDhvyTNFcj/
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту – 17 684 адамды құрады.