Талдықорған қаласының 2025 жылдың қаңтар-ақпан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 25,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 126,6%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 105,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 688,4 млн. теңге, өткен жылы құрылыс жұмыстары жүргізілмеді.
2,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2023 жылға сәйкес 77,3%-ға төмен.
Қала экономикасына 4,5 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 87,5%-ды құрады.
Сауда айналымының көлемі 11,4%-ға өсіп, 22,8 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 93,0%-ға орындалды, ағымдағы 2025 жылдың 3 наурызына болжамдағы 22,0 млрд. теңгенің орнына 20,5 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 11,5 млрд. теңге (74,1%), жергілікті – 8,9 млрд. теңге (138,6%).
Жалпы қалада 1 167 адам жұмысқа орналастырылды, 1 786 жаңа жұмыс орындары құрылды.