Құрметті Талдықорғандықтар және қала қонақтары!

Сіздерді «Наурыз мерекесі» аясында өтетін мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз! Мерекелік іс-шаралар 14 наурыздан басталады. Бұл күн дәстүр бойынша «Көрісу» немесе «Амал күні» деп аталады. Бұл мереке бірліктің салтанат құруын, біздің бірлігімізді, келісімімізді, Отанға деген сүйіспеншілігімізді және өз бастауларымызға адалдығымызды білдіреді.

Мерекелік шара Еңбек ауылдық мәдениет үйінде өтеді. Іс-шара сағат 16:00-де басталады.

Келіңіздер, іс-шараның құрметті қонағы болыңыздар!

Дата публикации
13 марта 2025