Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы
15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген, Жер учаскелерін немесе жер
учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды)
мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
11 ақпандағы № 100 қаулысы және Өтенай ауылдық округі әкімінің 2025
жылғы 11 ақпандағы № 8 шешімі негізінде, «Талдықорған қаласының жер
қатынастары бөлімі» ММ-сі коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне
жалдау құқығын сату бойынша ашық сауда-саттық өткізудің басталғаны туралы
хабарлайды.
Аталған сауда-саттық «E-qazyna» Мемлекеттік мүлік тізілімінің
электрондық платформасы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Сауда-саттықты өткізу тәртібі мен шарттары туралы ақпаратты қарау,
сондай-ақ оларға қатысу үшін, сілтеме бойынша өту қажет: https://e-qazyna.kz. 

Дата публикации
13 февраля 2025