Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Өнеркәсіпте 166,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 104,3%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 32,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 101,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,2 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,2%-ға жоғары.

155,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2023 жылға сәйкес 7,2%-ға жоғары.

Қала экономикасына 73,5 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 117,6%-ды құрады.

Сауда айналымының көлемі 7,0%-ға өсіп, 137,3 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 80,0%-ға орындалды, ағымдағы 2025 жылдың 1 қаңтарына болжамдағы 177,1 млрд. теңгенің орнына 141,7 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 89,5 млрд. теңге (66,6%), жергілікті – 52,2 млрд. теңге (122,2%).

Жалпы қалада 4 284 адам жұмысқа орналастырылды,     8 229 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Дата публикации
22 января 2025