Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-қараша айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Өнеркәсіпте 147,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 105,1%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 45,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 103,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 29,8 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,6%-ға төмен.

91,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2023 жылға сәйкес 30,0%-ға төмен.

Қала экономикасына 58,2 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 104,8%-ды құрады.

Сауда айналымының көлемі 7,7%-ға өсіп, 123,7 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 78,6%-ға орындалды, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына болжамдағы 163,8 млрд. теңгенің орнына 128,8 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 83,2 млрд. теңге (68,4%), жергілікті – 45,6 млрд. теңге (108,1%).

Жалпы қалада 4 046 адам жұмысқа орналастырылды,     7 554 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Дата публикации
23 декабря 2024