Тыңдау (ӘРПК-нің 73-бабы) маңызды кезең болып табылады, оған қатысушы - өтініш беруші немесе мүдделі тұлға қатысуға және оның шағымын қарайтын тұлғаға өз дәлелдерін жеке жеткізуге құқылы. Осы мақсатта заңда әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушыны тыңдау туралы хабардар етуге міндетті, онда қатысушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіре алады. Тыңдау тек заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана жүргізілмейді – мұндай жағдайлар ӘРПК-нің 73 бабының 2 бөлігінде көзделген, қалған барлық кездерде тыңдау әкімшілік іс жүргізудің міндетті сатысы болып табылады. Оны жүргізу туралы хаттама жасалады, онымен қатысушы танысуға құқылы (ӘРПК-нің 74-бабы).
РММ «Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» басшы С.Ахан