Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (селолық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

  1. «Талдықорған қаласының әкім аппараты» ММ-сі 2024 жылғы 18 желтоқсан айында сағат 16.00-де Абай көшесі № 256, Талдықорған қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (селолық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылады:

 

№ 1 «Самал» шағын ауданы – Астана (8 ш/а) - Мерекелік «Қызыл тас» саяжайлары

№ 2 «Қарағаш» базары  - «Ащыбұлақ» саяжайлары

№ 3 «Самал» шағын ауданы  - «Қызыл тас» саяжайлары

№ 4 «Өтенай» ауылы– Сарыарқа с/қ

№ 4 а   «Ынтымақ» ауылы  - Сарыарқа с/қ

№ 5  «Самал» шағын ауданы  - облыстық аурухана-Семашко к-сі

№ 7 Автобекет– 1 бөлімше

№ 7 а  «Қайнар» зауыты – 1 бөлімше

№ 8 «Самал» шағын ауданы – «Шығыс» шағын ауданы

№ 10 «Самал» шағын ауданы – «Көктал» шағын ауданы

№ 12 №7 шағын ауданы - облыстық аурухана- Семашко к-сі

№ 13  «Шығыс» шағын ауданы – 3 бөлімше

№ 14 Солтүстік айналма жолы – «Қаратал» саяжайлары

№ 16  Қарағаш базары  - «Үйтас» , Көктем саяжайлары

№ 17 Қайнар зауыты – Қарағаш базары

№ 18 «Қызыл тас» саяжайлары – Орман шаруашылығы

№18а Плодопитомник-27 мектеп

№ 20   «Батыс» шағын ауданы – Сарыбұлақ саяжайлары-18404 ә/б

№ 23 «Самал» шағын ауданы – «Үйтас» саяжайлары

№24 «Самал» шағын ауданы –  балалар туберкулез санаторийі

№ 25 «Самал» шағын ауданы – «Еркін» ауылы

№31 Арбат- Әлімжанов к/сі- Мерекелік

№31 а  Арбат-Сырттанов к/сі- Қызыл тас» саяжайлары

№ 33  "Самал", №6, №7 шағын аудандары– перзентхана орталығы

№226  Арбат –« Мойнақ» ауылы

№227 Арбат – Жастар-1- Ынтымак

№ 228 Арбат- Жастар-2- «Еңбек» ауылы

 

  1. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
    жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Абай көшесі № 241, 207 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы 04 желтоқсан айы сағат 18.30.
  4. 2024 жылғы 22 қараша сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/24-32-57.

Дата публикации
19 ноября 2024