Маңызды ақпарат!

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-нің тапсырмасын орындау мақсатында Жетісу облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КПҚ) заңсыз өндірудің алдын алуға бағытталған өзара жұмыстарды жандандыру үшін 2024 жылғы 11 қарашасында «Жетісу облысының полиция департаменті» РММ, «Жетісу облысы бойынша экология Департаменті» РММ, «Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ, «Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитетінің «ОҢТҮСТІКҚАЗЖЕРҚОЙНАУЫ» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ, «Қазақстан Республикасы су шаруашылығы және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ, «Жетісу облысынң Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ және «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ-мен «Жетісу облысының аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу мәселелеріндегі өзара іс-қимыл туралы» БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ шығарылды.
Осыған орай, егер сіз КПҚ заңсыз өндіру фактісін анықтаған болсаңыз, «102» нөмірі арқылы Полицияға хабарлауды сұраймыз.

Дата публикации
13 ноября 2024