Облыс орталығы Талдықорған қаласы жылдағы дәстүр бойынша 14 қазан күні жылыту маусымын бастады.
Сала мамандарының сөзінше, жылу ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріліп басталған. Алайда қазіргі таңда қаланың басым бөлігі жылумен қамтылған.
Айта кеткен жөн, қала бойынша жылу желілеріне жалпы 750 көп қабатты тұрғын үй, 1 285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйымдар және 1 322 коммерциялық ұйымдары қосылған.
Құрметті Талдықорғандықтар!
Жылу берілуіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылу батареяларын мұқият қарап, негізгі талаптарды орындауларыңызды сұраймыз!