Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде "Талдықорғанжылусервис" КМК 2024 жылғы 30 шілдеден бастап Жансүгіров көшесі, медициналық колледждің жанындағы жылу трассасын ауыстыру бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда, жұмыс жүргізу кезінде Ұлан және Жетісу шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен бюджеттік ұйымдар ыстық сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылады. (63 көп-қабатты үйлер, 102 жеке тұрғын үйлер, 8 бюджеттік ұйым және 54 өзге ұйым). Жұмыстарды 2024 жылдың 6 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, "Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр, Балпық би көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңарту" жобасын іске асыру аясында "TOLAGAI-2050" ЖШС мердігерлік ұйымы Абай-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жылу камерасын орнату жұмыстарын бастады. Осыған байланысты, 2024 жылғы 29 шілдеден 1 тамызға дейін қаланың орталық бөлігіндегі абоненттерге ыстық сумен жабдықтау жүйесін уақытша тоқтатылды (36 көп-қабатты үйлер, 109 жеке тұрғын үйлер, 31 бюджеттік ұйым және 74 өзге ұйым).

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Дата публикации
30 июля 2024