ЖАДЫНАМА «Жетісу Су құбыры» ҚМKK

28.02.2015 жылғы №163 елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесінің 17-тармағына сәйкес, ауыз суды жасыл желектерді суаруға, аумақтарға, жолдарға, тротуарлар мен өтпе жолдарға себуге, көшелерді және алаңдарды жууға пайдалану кезінде арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес суару уақытын, тұтынушы орнататын арнайы суару құрылғыларын қосу немесе су алу пункттерінің орнын қызмет көрсетуші белгілейді.
Осыған орай, құрметті Талдықорған каласың тұрғындары, «Жетісу Су құбыры» ҚМKK ыстық ауа-райының әсерінен және ауыз судың тапшылығына жол бермеу үшін бақтар мен гүлзарларды кешкі сағат 23:00-ден танертеңгі сағат 6:00-ге дейін суару керектігін қатаң түрде хабарлайды, себебі сумен жабдықтау желілері және ондағы қысым жеке учаскелер мен жасыл алаңдарды суаруға арналмаған. Талаптар орындалмаған жағдайда, су құбыры желіден ажыратылады.

Құрметпен «Жетісу Су құбыры» ҚМКК әкімшілігі

Дата публикации
26 июня 2024