Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-мамыр айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 55,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 100,1%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 100,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,9 млрд. теңге, өткен жылдың деңгейіне - 100,6%.
21,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 4,7%-ға төмен.
Қала экономикасына 17,6 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 108,7%-ды құрады.
Сауда айналымының көлемі 10,5%-ға өсіп, 51,3 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 81,9%-ға орындалды, болжамдағы 64,5 млрд. теңгенің орнына
52,8 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 29,3 млрд. теңге (67,1%), жергілікті – 23,6 млрд. теңге (113,1).
Жалпы қалада 1 914 адам жұмысқа орналастырылды, 3 043 жаңа жұмыс орындары құрылды.