«Талдықорған Көркейту» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы талдамалық қоғамдық талқылау.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды», сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген" сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына " сәйкес, «Талдықорған Көркейту» ЖШС басшысының 2024 жылғы 02 мамырдағы №24 «Талдықорған Көркейту» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жылғы 13-24 мамыр аралығында, 2023 жылдың қаңтар айы мен 2024 жылдың наурыз айлары аралығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.