Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

 

Өнеркәсіпте 32,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 100,4%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,2% өсіммен  5,0 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,9 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,9%-ға төмендеді.

13,6 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, немесе 2023 жылғы деңгеймен 1,9%-ға төмендеді.

Қала экономикасына 8,5 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты индекс көлемі – 111,3%-ды құрады.

Сауда айналымының көлемі 19,3%-ға өсіп, 30,3 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 92,4%-ға орындалды, болжамдағы 14,5 млрд. теңгенің орнына
32,8 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 17,6 млрд. теңге (78,6%), жергілікті – 15,2 млрд. теңге (115,9).

Жалпы қалада 1 288 адам жұмысқа орналастырылды,     2 075 жаңа жұмыс орындары құрылды.

 

Талдықорған қаласының 2024 жылдың қаңтар-наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Дата публикации
22 апреля 2024