«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы шаруашылық бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы талдамалық есепті талқылау.
"Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген" сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына " сәйкес, «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы шаруашылық бөлімі» ММ басшысының 2024 жылғы 01 сәуірдегі №46-н «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жылғы 08-18 сәуір аралығында, 2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылдың наурыз айлары аралығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.