«Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау ХАТТАМАСЫ

«Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынасатары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы талдамалық есепті талқылау.

"Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген" сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына " сәйкес, «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынасатары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының 2024 жылғы 29 наурыздағы №17-б «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынасатары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жылғы 08-18 сәуір аралығында, 2023  жылдың қаңтар айы мен 2024 жылдың наурыз айлары аралығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Дата публикации
12 апреля 2024