Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

Қаладағы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес тәулік ішінде +8 *С тан жоғары болуына байланысты, ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілері жазғы схема бойынша жұмыс режиміне көшеді.

Осылайша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы аяқталады.
Жазғы режимге көшу жұмыстары барысында 8 және 10 сәуір аралықтарында, ыстық сумен жабдықтау желісі өшіріледі.

Осыған байланысты жылу энергиясын тұтынушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз!

Дата публикации
05 апреля 2024