Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

 Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабының негізінде және Талдықорған қаласындағы №424, №426, №427, №428 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

1.1 Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 316 мекен-жайы бойынша                       ШЖҚ «Облыстық көпсалалы клиника» МКК-ның ғимаратында орналасқан                         № 424 сайлау учаскесі;

1.2 Талдықорған қаласы, Ескелді би көшесі, 283 мекен-жайы бойынша      ШЖҚ «Облыстық аурухана» МКК-ның ғимаратында орналасқан                               № 426 сайлау учаскесі;

1.3 Талдықорған қаласы, Райымбек батыр көшесі, 35 мекен-жайы бойынша ШЖҚ «Талдықорған көпсалалы ауруханасы» МКК-ның ғимаратында орналасқан № 427 сайлау учаскесі;

1.4 Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249 мекен-жайы бойынша «Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған қаласының полиция басқармасы»    ММ ғимаратында орналасқан № 428 сайлау учаскесі.

  1. Осы учаскелерде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.

 

Комиссия төрағасы   

                      А. Рымтаев

 

 

Комиссия хатшысы

                      Р. Тұрланов

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2024