«АТП Энергострой» ЖШС филиалының хабарлауынша, «Темір» карьерінде құрылыс тасын өндіру бойынша жұмыстардың басталуына байланысты 2024 жылғы 5 ақпан мен 31 желтоқсан аралығында «Красный камень» саяжай қоғамының тауларында тау жыныстарын қопсыту мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарынан үрейленбеулеріңізді және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Жетісу облысының ТЖД азаматтардан 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Қауіпсіздік ешқашан тым көп болмайтынын ұмытпаңыз!
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі